Қазақстанда 150 мыңға жуық қызға адам папилломасы вирусына қарсы екпе салынды

Қазақстанда 11-13 жас аралығындағы 150 мыңға жуық қызға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпе салынды деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 90 мыңға жуық жасөспірім вакцинаның екінші дозасын алған.

Министрліктің хабарлауынша, екпе алғандар арасында жағымсыз реакция тіркелмеген.

Вакцина қауіпсіз, жақсы төзімді және алдын алудың тиімді әдісі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынады” деп жазылған ведомство хабарламасында.

Енді ДСҰ 11 жастағы ұл балаларға да екпе салуды жоспарлап отыр.

Бұл вирустан көбіне жатыр мойны және сыртқы жыныс мүшелерінің қатерлі ісігі пайда болады. Қазақстан билігінің мәліметінше, жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі - екінші орында, 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер арасындағы өлім-жітімнің екінші себебі болып отыр. Жыл сайын осы вирусқа 900 адам шалдығады.

АПВ ер адамдарға да қауіпті. Артқы қуыста, тікішекте, жұтқыншақта, ер адам мен әйелдің жыныс мүшесінде қатерлі ісік пайда болуына себеп болуы мүмкін. Дегенмен бұл вирус әсіресе ауырсыну рецепторлары жоқ жатыр мойны үшін қауіпті. Сондықтан вирус адам ағзасында еш белгі бермей ұзақ уақыт жүре беруі мүмкін. Алғашқы симптомдары пайда болғанға дейін ауру асқынып үлгереді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Сыныпта санаулы қыз ғана екпе салдырды". Орталық Азия жатыр мойны обырымен қалай күресіп жатыр?Бас санитар дәрігер қыздарға папилломаға қарсы екпе егу туралы қаулыға қол қойды"Обырды жеңуге болады". Онколог Тельман Әлғожинмен сұхбатҚазақстан оқушы қыздарға АПВ вакцинасын салмақ. Ата-аналар неден қорқады?Қазақстанда қыздарға адам папиллома вирусына қарсы екпе салынады. Қашан, қалай, не үшін?