Түрмедегі оппозициялық белсенді Марат Жыланбаевтың денсаулығы әлсіреген деді адвокаты. Жыланбаев құқығы сақталмайтынын, берген арыз-шағымы еленбейтінін айтқан. Ақмола облыстық ҚАЖД тұтқынның "жағдайы қалыпты" десе, омбудсмен Жыланбаев жайлы қоғам белсенділерінің дабылын "PR-акция, хайп" деп атады.