Түрмедегі оппозициялық белсенді Марат Жыланбаевтың денсаулығы әлсіреген деді адвокаты. Жыланбаев құқығы сақталмайтынын, берген арыз-шағымы еленбейтінін айтқан. Ақмола облыстық ҚАЖД тұтқынның "жағдайы қалыпты" десе, омбудсмен Жыланбаев жайлы қоғам белсенділерінің дабылын "PR-акция, хайп" деп атады.
Ресей мен Украина бірін-бірі атқылап жатыр. 28 шілдеге қараған түні орыс армиясы Киевке соққы жасады. Шабуыл кезінде Украина астанасында бір көп қабатты үйдің бірнеше қабаты зақымданып, терезелерінің күл талқаны шықты. Ресми Киев сегіз адамның зардап шеккенін хабарлады.
Украинада соғыс басталғалы бері Ресейге мигранттарға қарсы көңіл-күй күрт күшейді. Репрессивті заңдар қабылданып, шенеуніктердің қастық сипаттағы риторикасы күшейді.
Тағы